


Ерлікке тағзым — ұрпаққа аманат!
2 мамыр күні мектебіміздің 4-сынып оқушылары сынып жетекшілері, тәрбиешілері және ата-аналарымен бірге Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, ел қорғаған ерлер рухына тағзым етті.
Оқушылар бейбіт күннің бағасын жүректерімен сезініп, жауынгерлерге арнап ән шырқады. Бұл — тек бір сәттік еске алу емес, жүректерге ұялаған мәңгілік естелік, рухани сабақ.
Батыр бабалар ерлігі — тарихтың алтын парағы.
Оны ұмытпау — бүгінгі ұрпақтың қасиетті парызы.