Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі

6 мамыр күні мектебімізде Жеңістің 80 жылдығына арналған “Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі” атты әдеби-сазды кеш өтті. Бұл кештің ерекшелігі — үрмелі және ұрмалы аспаптар бөлімінің орындауындағы әсерлі шығармалар мен 4-сынып оқушыларының жүрек тебірентер көріністері болды.

Мерекелік кештің қадірлі қонақтары — тыл ардагерлері. Олар үшін бұл — тек құрмет қана емес, сонымен қатар болашақ ұрпаққа деген үміттің белгісі. Ерлік ешқашан ұмытылмайды, ал ұрпақ оны мақтанышпен ұлықтайды!

Іс-шараның ұйымдастырылуына 4-сынып жетекшілері Г. Жакишева мен А. Рыскулова, сондай-ақ үрмелі және ұрмалы аспаптар бөлімінің меңгерушісі М. Бисенталиев ұйытқы болды.

Ал бүгін — 7 мамыр, Отан қорғаушылар күні. Ел тыныштығы мен болашағы үшін қалтқысыз қызмет еткен барша ер азаматтарға алғысымыз шексіз!

Ұрпақ бойында отансүйгіштік пен ерлік рухын қалыптастыратын шараларымыз жалғасын таба бермек.