Ұстазға – құрмет, тәрбиешіге – тағзым!

1-сынып оқушылары жыл бойғы білім мен мейірімнің шуағына бөлеген жүректерінен шынайы алғыс пен ақ тілектерін арнады.
Тәрбиеші Нұрқасым Айгерім Әлімжанқызының өткізген ашық сабағы жоғары деңгейде көрініс тапты.

Алғашқы әріптен алғашқы арманға дейін жол бастаған ұстаздар мен тәрбиешілердің еңбегі – өлшеусіз. Білімнің алғашқы баспалдағына нық қадам басқан бүлдіршіндерге қанат берген сіздерге мың алғыс!

Бала жүрегінен шыққан бір ауыз «Рақмет!» – мың алғыстан қымбат.
Сіздердің мейірім мен жанкешті еңбектеріңіз – әр баланың болашағына бағытталған шамшырақ!

Ұстазға – құрмет, тәрбиешіге – тағзым!
Бүгінгі ашық сабақ – кішкентай жүректердің үлкен ризашылығының көрінісі болды.
Баршаңызға шын жүректен алғысымыз шексіз!