


«Мектебім, саған мың алғыс – жүректе жаңғырар мәңгі үн!»
Бүгін мектебімізде ерекше тебіреніс пен толқуға толы «Мектебім, саған мың алғыс» атты Соңғы қоңырау салтанаты өтті. Бұл — балалықтың бал дәуренімен қоштасып, болашаққа жаңа қадам басқан күн.
Салтанатты шара барысында түлектеріміз алтын ұя мектебімен қимастықпен қоштасып, жүрек толқытар сөздер айтып, көздерінде жаспен, жүздерінде үмітпен соңғы рет қоңырау үнін тыңдады. Әр қадамдары — болашаққа бастар жарқын жолдың бастауы.
Сонымен қатар, білім мен тәрбие жолында сіңірген ерен еңбегі үшін бірқатар ұстаздарымыз төсбелгімен марапатталды. Бұл – ұстаздық қызметке деген құрметтің, адал еңбектің еленген сәті.
Сондай-ақ, Ақпарат және Мәдениет министрінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттары табысталып, ұстаздар қауымына зор ілтипат көрсетілді.
Мектеп – тек білім ордасы ғана емес, бұл – жүрекке із қалдырған қасиетті мекен.
Осы қарашаңырақта алынған әр сабақ, айтылған әр ақыл – өмірлік азық.
Бүгінгі салтанатты сәт – ұмытылмас естелік, жүректерде сақталатын мәңгілік әсер.
Мектебім, саған мың алғыс!
Сен берген білім мен тәрбие – әр шәкірттің өмірлік шамшырағы!