Бірыңғай сынып сағаты

БІЛІМІМ – ОТАНЫМА!

23 мамыр күні мектебімізде ел болашағы — жас ұрпақтың бойына патриоттық сезім мен білімге деген құштарлықты сіңіру мақсатында «Білімім – Отаныма!» тақырыбында біріңғай сынып сағаты өткізілді.

Бұл тәрбиелік сағат әр оқушының жүрегінде туған жерге деген сүйіспеншілік пен жауапкершілікті оятатын мағыналы кездесу болды. Оқушылар Отанға деген адалдықты білім арқылы дәлелдей алатынын ұқты.

Бұл шара арқылы шәкірттерімізге:
«Еліңнің ертеңі – сенің бүгінгі оқып жүрген кітабыңда!» деген ой терең сіңірілді.

Сынып жетекшілері мен оқушыларға шексіз алғысымызды білдіреміз!
Білімді ұрпақ – қуатты елдің кепілі!