«Жас виртуоздар» байқауы

VI Халықаралық «Жас виртуоздар» байқауында жеңіске жеттік! 🎶

2025 жылдың 28-30 мамыр күндері Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өткен VI Халықаралық «Жас виртуоздар» / «Юные виртуозы» балалар мен жасөспірімдер арасындағы аспапта шебер ойнау өнер байқауында мектебіміздің дарынды оқушылары жоғары нәтижеге қол жеткізді!

Нургожаев Мансур, 11 “Ә” сынып оқушысы – I орын
🎼 Ұстазы: Орынтаев Талғат

Жанахметова Баян Азаматовна, 10 “А” сынып оқушысы – I орын
🎼 Ұстазы: Шуженова Ляззат Ракишевна

Тарлабек Абдуалла, 6 “А” сынып оқушысы – II орын
🎼 Ұстазы: Жақсылық Ақжайнақұлы

Байқау жас орындаушылардың өнерін қолдау, ұлттық аспаптарды дәріптеу және шығармашылық шеберлікті арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Қатысушылар бірнеше кезеңнен өтіп, кәсіби қазылар алқасының бағалауымен жеңімпаз атанды.

Біздің оқушыларымыз бен олардың білікті жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа шығармашылық жетістіктер мен биік белестер тілейміз!