



1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мектебімізде бірқатар тәрбиелік және мәдени іс-шаралар өткізілді. Бұл күн – балаға деген сүйіспеншілік пен мейірімнің, қамқорлық пен сенімнің мерекесі.
“Бар мейіріміміз балаларға” атты шара аясында мектеп алаңында оқушыларға сурет салу ұйымдастырылды. Балалар өздерінің қиялындағы әлемді бояулармен бейнелеп, ерекше көңіл күйде болды.
“Елдің сәні – ерке балғындар” тақырыбында 4 «А», «Ә» сынып оқушылары сынып жетекшілері А. Рыскулова мен Г. Жакишеваның жетекшілігімен «Желаяқ» атты балаларға арналған қызықты мультфильмді тамашалап, ұмытылмас әсер алды.
“Балғын балалар – біздің болашағымыз” атты дөңгелек үстел 7-9 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды. Оқушылар бала құқығы, отбасы мен қоғамдағы рөлі туралы пікір алмасты. Шараны тәрбиешілер Райымқұлова Ж., Мұраскалиева Г., Атабекова Г. жүргізді.
Сонымен қатар, мектебіміздің мақтанышы, 4 «Ә» сынып оқушысы Бақытбек Сүлейман Ерболатұлы
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының сахнасында,
Бақытжан Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының
1 маусым – Балаларды қорғау күніне арналған концертінде өнер көрсетті.
Бұл шаралар балалардың жан-жақты дамуына, рухани бай тұлға болып қалыптасуына зор ықпал етті. Бар мейіріміміз – балаларға!