
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармонияда ерекше өнер кеші өтті. Бұл күні Бақытжан Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы ұйымдастырған мерекелік концертте еліміздің түкпір-түкпірінен келген талантты жеткіншектер бас қосты.
Солардың қатарында мектебіміздің мақтаныштары да үлкен сахна төрінде өнер көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Бақытбек Сүлейман Ерболатұлы – 4”ә” сынып оқушысы, өнер жолындағы жетекшісі – талапты ұстаз Балтабайұлы Мұһаммедбатыр.
5-6 сынып оқушылары:
– Нұрсейт Раяна
– Дәубек Ердос
– Болатбек Нариман
Бұл оқушылардың шығармашылығына бағыт беріп, шабыт сыйлап жүрген – білікті ұстаз Курмашинова Жанар.
Жас өнерпаздар сахнада асқан сеніммен, ерекше ықыласпен өнер көрсетіп, филармония сахнасын шынайы сезім мен шабытқа толтырды. Бұл – оқушыларымыздың дарынын шыңдауда аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздардың зор үлесі мен үздіксіз еңбегінің айқын көрінісі.
Балалар – біздің үмітіміз, ертеңіміз. Олардың әрбір жетістігі – жүрек қуанышы. Осындай өнерлі, жан-жақты дамыған ұрпақ өсіп келе жатқанына шын жүректен қуаныштымыз!
Жас таланттарға шығармашылық табыс, биік шыңдар мен жаңа жеңістер тілейміз!