ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

Ұлттық құндылықтарды ұлықтап, рухани мұраны шәкірт санасына сіңіріп жүрген — мектеп тәрбиешісі Алпыспаева Алмагүл Ануарбековнаны
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі жүйесінде өткен республикалық Спартакиаданың финалдық кезеңінде тоғызқұмалақтан әйелдер арасында IІ орын иеленуімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл жеңіс – ұлттық ойынды ұлықтаған, зияткерлік бәсекеде дараланған ұстазымыздың білімге, дәстүрге және табандылыққа негізделген еңбегінің жемісі.
Тоғызқұмалақ – тек ойын емес, қазақтың терең тарихы мен даналығының көрінісі. Осы ойында топ жарып, мектебіміздің мәртебесін асқақтатқан Алмагүл Ануарбековна – ұлттық мұраның нағыз жанашыры.

Ұлт рухын жаңғыртқан, өнеге мен парасаттың символына айналған ұстазымызға шығармашылық шабыт, сарқылмас қуат, жаңа белестер тілейміз!

Жеңісіңіз құтты болсын!