


🇰🇿 Ұлттық Домбыра күні құтты болсын!
Бүгін Абай алаңында Ұлттық Домбыра күніне орай Алматы қаласы әкімдігі мен Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен салтанатты Гала-концерт өтті.
Осы мерекелік шараға мектебіміздің директоры Нұркен Нұрғалиұлы және өнерлі, дарынды оқушыларымыз – Тарлабек Абдуалла, Есеев Рахим және мектебіміздің түлегі Тұрсын Арсен қатысып, көрермендердің қошеметіне бөленді.
⠀
Ұлттық өнерімізді дәріптеген бұл концерт – жастарға рухани серпін беріп, ұлттық құндылықтарымызды қадірлеуге үндейтін маңызды шара болды.
Домбыра – қазақ рухының үні!
Бабалардан мирас болған күй өнері жас ұрпақпен жалғассын!
⠀