
А.Жұбанов атындағы Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты ұжымы Сіздерді еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі — Астана күнімен шын жүректен құттықтайды!
Бүгінгі Астана — заманауи сәулет пен мәдениеттің, өнер мен өркениеттің тоғысқан ордасы, ұлттың асқақ арманына айналған мекен. Әр көшемен өрілген әсем әуен мен рухты өнер осы қалада үйлесім тауып, ел болашағы үшін қызмет етуде.
Астана — тек бас қала ғана емес, қазақ руханияты мен мәдениетінің қайнар бұлағы, өркендеген өнер мен білімнің алтын бесігі.
Біздің шәкірттеріміздің де өнері мен таланты осы қалада түлеп, туған халқына қызмет ететініне сенеміз.
Елордамыз әрқашан бейбітшіліктің бесігі, бірліктің символы, өнер мен мәдениеттің ұйытқысы болып, гүлдене берсін!
Астанамыздың абыройы асқақ, мерейі үстем болсын!
Ізгі тілекпен,
А.Жұбанов атындағы РҚМММИ ұжымы