ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Мектебіміздің ардақты ұстазы Г.С.Жакееваның түлегі Ержеңіс Жұлдызды – Ұлыбританиядағы Purcell School оқу орнын сәтті аяқтауымен және Royal Conservatoire of Scotland оқу орнына грант негізінде қабылдануымен құттықтаймыз!

2025 жылғы 8 тамызда Жұлдыз Астана Опера сахнасында өткен «Отанында демалыс» атты концертке қатысып, А.Скрябиннің №5 Сонатасын тамаша орындады. Сонымен қатар, Purcell School шәкірті Алина Құлбаевамен бірге концертмейстер ретінде А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсынан «Ажар ариясын» және Ф.Шуберттің «Серенадасын»орындады.

Жұлдызға шығармашылық табыс пен биік белестер тілейміз!