Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман!

Бүгін мектебімізде 2025-2026 оқу жылының басталуына арналған педагогикалық кеңес өтті. Кеңес барысында жаңа оқу жылының мақсат-міндеттері айқындалып, күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды.

Осы орайда, білім сапасын арттыру, оқушылардың жеке қабілетін дамыту және заманауи білім беру үрдістерін тиімді іске асыру бағытында нақты шешімдер қабылданды.

Кеңестің айрықша сәті – ұзақ жылдар бойы жас ұрпаққа сапалы білім мен тәлім берген ардақты ұстаздарымызды зейнеткерлікке шығуымен салтанатты түрде құттықтау болды.
Ұжым атынан алғыс айтылып, ыстық ықыласқа бөленді.

Жаңа оқу жылы ұстазға – шабыт, оқушыға – табыс сыйласын!