2025 жылдың 11 қыркүйек күні жоспарға сай «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, Эмоционалды компонент бойынша 7-сынып оқушыларымен мазмұнды сынып сағаты өтті.
Бұл іс-шара Отбасы күніне орай ұйымдастырылып, оқушыларға отбасының баға жетпес құндылық екенін сезіндіруге, бір-біріне деген сүйіспеншілік пен қамқорлықты дәріптеуге бағытталды. Сонымен қатар, олардың өмірлік бағдарын айқындап, өзінің тұлғалық болмысы мен қоршаған ортасы туралы қарапайым түсінігін тереңдетуге, ойы мен сезімін ашық жеткізе алуына ықпал етті.
Сынып сағаты барысында оқушылар тақырып төңірегінде еркін пікір білдіріп, өз ойларын ортаға салды. Әрбірі өмірдің мәні, уақыттың қадірі және отбасының рөлі жөнінде ой толғап, отбасы – әр адамның тірегі екендігін ерекше атап өтті. Бұл олардың өзіндік көзқарасының қалыптасуына, ішкі дүниесін рухани байытуға септігін тигізді.
Сынып сағатын әлеуметтік педагог М.Абдуллаев жүргізіп, мектеп психологы М.Аксакалова қатысып, оқушыларға қолдау көрсетті.



