Гүлнара Сапиоллақызы Жакеева «Бастауыш сыныптарда қол координациясымен жұмыс» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Фортепиано үйретудегі өзекті мәселе – екі қолдың үйлесімділігін дамыту – сабақта нақты мысалдар арқылы қарастырылды.
Тәжірибелі педагог жас әріптестерімен өз іс-тәжірибесін бөлісіп, заманауи әдіс-тәсілдерді және оқушылардың координациясын тиімді қалыптастыруға көмектесетін практикалық жұмыс түрлерін көрсетті.
Ашық сабақ әріптестер үшін кәсіби тұрғыдан пайдалы болып, жаңа ойлар мен идеялар алмасуға мүмкіндік берді.


