ЖРВИ-дің алдын алу – басты назарда

Мектебімізде 7–12 сынып оқушыларына арналған ЖРВИ – жіті респираторлық вирустық инфекцияның алдын алу тақырыбында түсіндірме лекция өткізілді.

Лекцияны 3-қалалық емханадан келген Қуандық Сания Темірханқызы мен медбике Аубакирова Сауле Хайруллаевна жүргізіп, оқушыларға вирустық аурулардың таралу жолдары, оның алғашқы белгілері, аурудың алдын алу шаралары мен жеке бас тазалығының маңызы туралы кеңінен түсіндіріп өтті.

Лекцияға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жакишева Гулбараш Абжапбаровна, мектеп дәрігерлері Тулепбергенова Гульнар Билисбековна мен Саурыкова Шолпан Бекетовна қатысып, оқушылардың сауалдарына жауап берді.

Бұл шараның негізгі мақсаты – оқушылардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыру, жұқпалы аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын ұстануға бағыттау.