Ұстаз – ұлттың ұлы тұлғасы, жүрекке жарық сыйлар шамшырағы.

Бүгін ұстаздар мерекесі аясында Орал Тансықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінде өткен салтанатты концертте шәкірттеріміз сахнаға шығып, өз өнерлерін паш етіп, ұстазға деген шексіз құрметін білдірді. Бұл кеш – шәкірттердің шығармашылық әлеуетін танытып қана қоймай, ұстаз еңбегінің ұлылығын айшықтаған рухани шара болды.

Мерекелік кеште 4-сынып оқушыларынан құралған хор өнер көрсетті. Хор жетекшісі – Маханбетжанова Азиза Бақытқызы дайындаған шәкірттер жүрекке жақын «Ұстазым» әнін әсерлі орындап, әр тыңдарманға ерекше сый-құрметін жеткізді.

Кештің сәнін келтірген тағы бір сәт – Ербол Асияның орындауындағы «Ұстазым» әні болды. Ұстазы: Адилова Айнұр Уалиханқызы.

Сонымен қатар сахна төрінде өнер көрсеткен оқушыларымыз:
Мирас Барзу, Тарлабек Абдуалла, Тарлабек Насыр, Сәрсенғазы Айтұмар, Есеев Рахим, Алуа Станполова.
Олардың әрқайсысы ұстазға деген алғысын білдіріп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Концерттің соңында оқушылар мен ұстаздарға арнайы алғыс хаттар табысталып, білім мен тәрбиенің қадірі тағы бір мәрте дәріптелді.

Бұл мерекелік кеш – ұстаз еңбегін ұлықтап, шәкірт өнерін дәріптеген, жүректерге жылылық пен шаттық сыйлаған ұмытылмас сәт ретінде есте қалды.