Бүгін мектебімізде Ұстаздар күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырылды. Бұл күн – жас ұрпаққа білім мен тәрбие беріп, жүректеріне нұр құйып келе жатқан ұстаздарға құрмет көрсетілетін айрықша мереке.
Концерт барысында шәкірттеріміз әндерін арнап, өнерлерін көрсетіп, ұстазға деген шексіз алғысын білдірді.
Сондай-ақ, мерекелік кеште ұстаздарымызға Алғыс хаттар табысталды. Мектеп директоры Риммат Қадырхановна құттықтау сөз сөйлеп, ұстаздар қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Ұстазға деген құрмет пен ризашылық сезімі әрдайым биік бола берсін!




