Мектеп директоры тағайындалды

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 30-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына,
34-бабына, 36-бабына, 139-бабының 3-тармағына және
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 45-бабы 1-тармағына сәйкес,
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның 2025 жылғы 6 қазанындағы №96 жбұ бұйрығымен
Айгерим Бериковна Сарманова
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
«Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты»
республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына тағайындалды.

Бұйрықпен ресми түрде таныстырып, тағайындауды
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Білім және ғылыми жұмыс департаменті директоры Нұрғалиева Майра Альбекқызы жүзеге асырды.

Еліміздің өнер саласына көптеген танымал тұлғаларды тәрбиелеп шығарған бұл мектептің дамуы мен жетістіктері жаңа басшының кәсіби біліктілігі мен көшбасшылық қабілетінің арқасында одан әрі жалғасын табатынына сенім білдіреміз.

Айгерим Бериковнаны жаңа қызметімен құттықтаймыз!
Жаңа лауазымда табыс, сәттілік және шығармашылық шабыт тілейміз!

Мектеп ұжымы