🎶 Гобой сыныбының концерті

Бүгін Өнер мектебінде Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ гобой сыныбының ұстазы Ғабдуллина Айгүл Қайыржанқызы жетекшілік ететін сынып концерті өтті.

Концертте жас орындаушылар — Акрамхан Бақкелді, Рахман Алишер және Абсамат Заңғар қазақ және шетел композиторларының шығармаларын тамаша орындап, тыңдаушыларға ерекше әсер сыйлады.

Өнер мектебінің ұжымы ұстаз Ғабдуллина Айгүл Қайыржанқызын және концертмейстер Мұхаметали Майхановты шығармашылық еңбектері мен шәкірт тәрбиесіндегі үлестері үшін алғыс хатпен марапаттады.

Концерт жоғары деңгейде өтіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.