Кеше мектебімізде 9-сынып оқушысы, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Акрамханова Інжу өзінің жеке концертін өткізді.

Кеш барысында көрермендер Інжудің музыкалық шеберлігі мен сахна мәдениетіне тәнті болды.

Сондай-ақ концертке 8-сынып оқушылары Керімқұлова Айнура, Жұмабаева Агата және 10-сынып оқушысы Ержанқызы Каусар қатысып, өнерлерін ортаға салды.

Ұстазы: Асаналиева Айна.

Концертмейстер: Бегендикова Айгүл.

Бұл концерт жас музыканттардың шығармашылық ізденісі мен орындаушылық шеберлігін шыңдай түскен ерекше кеш болды!