Астана қ., ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің “Роза Бағланова атындағы “Қазақконцерт” мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы” РМҚКөткен Тәттімбеттің 210 жылдығына арналған Қайрат Айтбаевтың «Сарыжайлау» атты күй кешінде, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты, 10 сынып оқушысы Әлихан Молдабекұлы өнер көрсетті.

Қазақ мәдениетінің жанашыры, мемлекет және қоғам қайраткері Дүйсен Қасейінов жас күйшіге жоғары баға беріп, оған Тәттімбет ескерткішінің шағын көшірмесін табыс етті.

Әлихан жуырда «Хабар» телеарнасының «ОЯН!» таңғы бағдарламасына,
арнайы қонақ ретінде сұхбат берді, бағдарлама аясында Төлеген Момбековтің «Салтанат» күйін көрермен назарына ұсынды.

Ұстазы: Сырым Шонбаев

Әлиханға шығармашылық табыс пен жаңа белестер тілейміз!