«Ақ тілек» ұлдар хоры Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындаған ауқымды республикалық акцияға қатысты! Бұл іс-шара қала деңгейіндегі, Республика күніне арналған салтанатты мерекелік бағдарлама аясында ұйымдастырылған.

🎬 Түсірілім Республика сарайында өтті.
1000-ға жуық жас орындаушы бір сахнада бас қосып, отансүйгіштік рухты асқақтатты.

Бұл іс-шара өскелең ұрпаққа салтанаттылық пен маңыздылық беріп, патриоттық сезімді арттырады. Оқушылардың жоғары деңгейдегі орындаушылық шеберлігін көрсетіп, мектеп тәрбиеленушілерінің музыкалық мәдениетке деген зор қызығушылығын айқын дәлелдеді.

Жетекшісі: Адилова Айнұр Уалиханқызы