🏐 Волейболдан жолдастық кездесу

25 қазан — Республика күніне орай мектебімізде дене шынықтыру пәні мұғалімі Е.А. Джанпеистің ұйымдастыруымен 11 сынып оқушылары арасында волейболдан жолдастық кездесу өтті.

Шараның мақсаты – салауатты өмір салтын дәріптеу және оқушылар арасындағы достық пен бірлікті нығайту.

Ойын жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар белсенділік пен әділ ойынды көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша 11 «А» сыныбының командасы жеңіске жетті!

Барлық ойыншыларды керемет ойын мен командалық рух көрсеткендері үшін алғыс айтып, жеңімпаздарды құттықтаймыз!