Кеше Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында оқушыларымызТөлепберген Әбдірашев атындағы мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрімен бірлесіп өнер көрсетті.
Концерт бағдарламасында Эдуардо Лало, Арам Хачатурян, Петр Чайковский, Дмитрий Шостакович және Сергей Рахманинов сынды ұлы композиторлардың туындылары орындалды.
Жас музыканттар өз шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетіп, көрерменге керемет әсер сыйлады.