Бұл жоба бойынша балалар «Мен оқыған бір кітап» бағдарламасындағы ұсынылған кітаптардың ішінен өздеріне қызық туындыны таңдап оқып, мазмұны мен әсерлі тұстарымен бөлісті.
Шараның негізгі мақсаты:
– оқушылардың кітапқа деген ынтасын арттыру;
– демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру;
– оқыған кітаптан ақпаратпен бөлісу арқылы ой-өрісін кеңейту.
Жобаға 4, 5 және 6-сынып оқушылары қатысты.
Балалардың қызығушылығы артып, талқылаулар өте белсенді өтті!
📖 Оқуға деген сүйіспеншілік – үлкен бастамалардың алғашқы қадамы.