ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 🎉

2025 жылдың 25 қараша – 1 желтоқсан аралығында Франция, Монтаржи қаласында өтіп жатқан, 75 жылдық тарихы бар “CMA Trophée Mondial” баян және аккордеон аспаптарында ойнаушылардың Әлем Чемпионатында мектебіміздің жас музыканттары жоғары нәтиже көрсетті! 🌍🎶

🏆 Тұрақбай Думан – 5 “А” сынып оқушысы – I орын
🥉 Батырхан Бексұлтан – 5 “Ә” сынып оқушысы– III орын

Ұстазы: Нарымбетов Ғалымжан Маратұлы

Бұл — үлкен еңбектің, талпыныстың және музыкалық өнерге деген шынайы махаббаттың жемісі.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы шығармашылық жолдарына толағай табыс, биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз!

Сонымен қатар, осы чемпионатқа қатысып жатқан Далабек Әбілмансұр мен
Насыр Тарлабек оқушыларымызға сәттілік тілейміз!

Сахнаның төрінен тағы да қуаныш күтеміз!