Үрмелі аспаптар бөлімінің есеп беру концерті 🎶

9 желтоқсан күні мектебімізде үрмелі аспаптар бөлімінің жас таланттары өз өнерін паш еткен тамаша концерт өтті.
Халықаралық және республикалық байқаулардың Гран-при мен 1-ші орын алған лауреаттары қатысқан бұл концертте оқушылар техникалық шеберлігін, музыкалық сезімін және сахналық мәдениетін жоғары деңгейде көрсетті.

Бағдарламада классикалық шығармалар, виртуозды пьесалар және танымал туындылар орындалып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Барлық жас орындаушыларға — жарқын өнерлері үшін,Ұстаздар мен концертмейстерлерге — кәсіби дайындығы үшін үлкен алғыс!

Өнерге деген махаббаттарыңыз арта берсін!