27 қараша күні 2 «А» сынып оқушылары Сынып жетекшісі Айнұр Айтанқызының ұйымдастыруымен Жамбыл Жабаев мұражайына барды.
Мұражайда балалар танымдық сабақ алып, ақынның өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін естеліктерімен танысты.
Бұл сапар үштік одақ – ұстаз, оқушы, ата-ана арасындағы ынтымақтастықты көрсетті. Сынып жетекшісі оқушыларға бағыт-бағдар беріп, сабақтың қызықты әрі тиімді өтуін қамтамасыз етті. Оқушылар белсенді қатысып, тапсырмаларды орындау арқылы өз білімдерін бекітті. Ал ата-аналар балаларымен бірге болып, олардың танымдық қызығушылығын қолдады.
Сонымен қатар, бұл тәжірибе оқушыларға шығармашылық ойлауды, топтық жұмысқа бейімділікті және мәдени құндылықтарды түсінуді қалыптастырды.
Мұражайға саяхат – тек білімді тереңдету ғана емес, сонымен қатар ұстаз, оқушы, ата-ана арасындағы берік ынтымақтастықты нығайтатын маңызды іс-шара болды.