27 қараша күні өткен әдістемелік күн аясында Раимова Гаухар Жанибековна «Оқушылар зерттеуінде өзектілік пен жаңашылдықты қалай таңдауға болады?» атты мазмұнды воркшоп өткізді.
Шара барысында зерттеу тақырыбының маңызын анықтау, мәселенің қазіргі білім үдерісімен байланысын қарастыру және жаңашыл қырларын табу жолдары талқыланды.
Бұл воркшоп ұстаздарға зерттеуді сауатты жоспарлауға бағыт-бағдар беріп, ғылыми ізденістің құрылымын тереңірек түсінуге мүмкіндік ұсынды.
Сонымен қатар қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, болашақ зерттеу жұмыстарына жаңа идеялар жинақтады.