«Өмірге салауатты қадам» волейбол турнирі🏐

«Бірлік және Ынтымақ» құндылықтарын дәріптеу мақсатында

Мектеп ұжымы мен оқушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және бірлік пен ынтымақты арттыру мақсатында «Өмірге салауатты қадам» атты волейбол турнирі ұйымдастырылды.

Бұл жарыс спорттық шеберлікті ғана емес, сондай-ақ өзара құрмет, қолдау, әділдік және командамен әрекет ету дағдыларын дамытуға бағытталды. Турнир барысында қатысушылар бір-біріне жігер беріп, шынайы жеңіс рухын көрсете білді.

Іс-шара мектеп қауымдастығының ауызбіршілігін күшейтіп, ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіруге үлкен үлес қосты. Спорт алаңында бой көрсеткен белсенділік — оқушылар мен мұғалімдердің салауатты өмір салтына деген ұмтылысының жарқын көрінісі болды.

Нәтижесінде:

  1. «БАРЫС POWER» командасы – I орын
  2. «ЖҰБАН ЖАСТАРЫ» командасы – II орын
  3. «АЛҒА» командасы – III орын
  4. «ДОСТЫҚ» және «ЛАШЫН» командасы- IV орын алды.