Жоба Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған «Тәуелсіздік ұрпақтары» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Фестиваль жас дарындарды қолдауға, шығармашылық экожүйені дамытуға және қазақстандық фортепиано мектебінің халықаралық аренадағы беделін арттыруға бағытталған. Фестивальдің бастамашысы – Консерватория түлегі, «Тәуелсіздік ұрпақтары» мемлекеттік грантының иегері, Art Forum of Kazakhstan компаниясының директоры Ерназар Гимарат.
🌸 Фестиваль ұйымдастырушыларының атына Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі А.Ғ. Балаеваның құттықтау хаты жолданды.
Жас таланттарды қолдаудағы үлесі, мәдениет саласын дамытуға бағытталған стратегиялық көзқарасы және шығармашылық бастамаларға көрсеткен айрықша қолдауы үшін Аида Ғалымқызына шексіз ризашылық білдіреміз.
🎹 Фестивальдің бас серіктесі ретінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы оның көркемдік деңгейін қалыптастыруда маңызды рөл атқарды.
«Арнайы фортепиано» және «Жалпы фортепиано» кафедраларының педагогтері концерт бағдарламасына кәсіби тереңдік, орындаушылық мәдениет пен жоғарғы музыкалық өрнек сыйлап, қазақстандық фортепиано мектебінің жоғары деңгейін көрсетті.
🎻 Фестиваль жыл сайын К. Байсейітова және А. Жұбанов атындағы мамандандырылған музыкалық мектептердің оқушыларын, сондай-ақ Консерватория студенттерін біріктіреді.
Осында әртүрлі буынның тәжірибесі тоғысып, кәсіби сабақтастық қалыптасады және жаңа музыкалық идеялар дүниеге келеді.