Оқушылар сахнада түрлі жанрдағы шығармаларды орындап, виолончель үнімен көрерменге ерекше атмосфера сыйлады.
Шара барысында виолончель және контрабас бөлімінің педагог-шебері, Мәдениет саласының үздігі, Білім беру ісінің үздігі — Ақмарал Эмреева жас музыканттарға арналған шеберлік сабағын өткізіп, орындаушылық ерекшеліктер мен кәсіби тәжірибесімен бөлісті.
Орал қаласында өткен бұл кездесу оқушылар үшін тәжірибе алмасуға, сахналық дағдыларын дамытуға және жаңа тың серпін алуға мүмкіндік берді.








