Сабақ барысында жас пианистерге орындаушылық мәдениет, музыкалық ойлау жүйесі, штрих пен артикуляцияның стильдік ерекшеліктері, сондай-ақ фортепианолық интерпретациядағы көркемдік тұтастық жөнінде құнды әдістемелік кеңестер берілді.
Педагогтың тәжірибеге негізделген терең талдауы жас музыканттардың шығармашылық сенімділігін арттырып, олардың музыкалық мәтінді түсіну және сахналық орындаушылық деңгейін жаңа белеске көтерді.
Шеберлік сыныбы қатысушыларға шабыт беріп, кәсіби дамуына қуатты серпін болды.


