«Kazakh Piano Fest – 2025» II Халықаралық фортепиано музыкасы фестивалі аясында ҚР Мәдениет саласының үздігі, А. Жұбанов атындағы РҚМММИ «Арнайы фортепиано» бөлімінің меңгерушісі Жәния Акбарова жас пианистерге арнап мазмұны терең шеберлік сабағын өткізді

Сабақ барысында оқушыларға техникалық дағдыларды жетілдіру, музыкалық мәтінді көркем түсіндіру, стильдік ойлау және орындаушылық дәлдік бойынша жан-жақты бағыт-бағдар берілді. Ұстаз әр оқушының мүмкіндігін ашуға бағытталған кәсіби бақылауларымен бөлісіп, шығармашылық ізденісті дамытуға ерекше назар аударды.

Шеберлік сыныбы қатысушыларға фортепиано өнерінің нәзік қырларын тереңірек түсінуге көмектесіп, олардың кәсіби өсуіне зор серпін берді.