2 қыркүйек 2019 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жасады. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты» ұжымы жолдауды тыңдап, айқындалған мәселелерге қолдау білдіреді. Жолдауда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың тұрмыс-жағдайын одан әрі арттыру міндеттеріне арналды. Маңызды мәселелерге тоқталып, Қазақстанның болашағын нығайту мақсатында тиімді жоспарлар құрылды.
Жолдауда басты назарға алынған мәселе – жаңа жобаларды қолдап, цифрлы технологияларға басты назар аудару және тәуелсіздіктің отыз жылдығына байланысты, әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына байланысты тиісті іс-шараларды іске асыру. Осыған орай, мектебімізде оқушыларымызға білім мен өнер ғана беріп қоймай, өз Отанының патриоты болуы үшін осындай шараларды жиі ұйымдастырып, қоғамға өз елін сүйетін, адал қызмет жасауға дайын, түлектерді дайындауға бар күш-жігерімізді салып жұмыс істеуге мектеп ұжымы уәделерін берді.
Президент «Қазақстан – біздің ортақ шаңырағымыз». «Бірлік – ақылға бірлік», деп, ұлы Абайдың 6 қара сөзін мысалға келтіріп өткендей, мектеп ұжымы бірлік пен берекеде жұмыс жасап, бірге Қазақстанның әлемдік бәсекеге қабілетті ел болуына ат салысатындарын айтты.
Біздің мектеп ұжымы Жолдауды зор ынта-ықыласпен тыңдай отырып, ондағы мұғалімдерге қатысты бағыт-бағдарларды, тапсырмаларды бірауыздан қолдады!