Қырғауылды ауылында, “Анаға құрмет” музейінің 5 жылдығына арналған мерекелік концерт бүгін аналар күні мейрамымен тұспа-тұс келген екен. Осындай керемет әрі аяулы мерекеде мектебіміздің оқушылары өнерлерін көрсетіп қайтты.
⠀
“Ана” – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы ақ сүтін беріп аялаған жанын да аямаған ардақтысы. Аналар күні құтты болсын! Барша аналарымыздың жүздерінен мейірім нышаны кетпей, аналық бақытқа кенеліп жүре берсін!