Алдыңғы апта бойы мектебімізде «1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған» ашық тәрбие сағаттары өтіп отырды.
1 «А» және 1 «Ә» сынып жетекшілері Т.М.Динжанова мен А.Қ.Әбдрашың жетекшілігімен «Ел – Елбасына тірек, Елбасы – елге қалқан» атты сынып сағаты өтті.
2 «А» және 2 «Ә» сынып жетекшілері А.С.Нусипбекова мен Ж.М.Нурдилдаеваның ұйымдастыруымен «Елі құрмет тұтқан, Ел ағамыз» атты ашық тәрбие сағаты өтті.
4 «А» сынып жетекшісі Г.А.Жакишеваның ұйымдастыруымен «Менің тұңғыш Президентім» атты ашық тәрбие сағаты өтті.
5 «А» сынып жетекшісі Г.Ж.Жартаеваның ұйымдастыруымен «Елін сүйген Елбасы» атты ашық тәрбие сағаты өтті.
6 «А» сыныбы сынып жетекшісі М.С.Аксакаловамен «Менің тұңғыш Елбасым» атты тақырыппен Орталық мемлекеттік мұражайға саяхат сабақ жүргізді.
⠀
Аталған ашық сабақтар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мәртебесін тану мақсатында ұйымдастырылған. Оқушыларға қазақ халқының ең бірінші Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру арқылы Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеп, мемлекетіміздің рәміздерін, салт-дәстүрін құрметтеу мақсатында өткен ашық тәрбие сағаттарынан жас ұрпақтарымыз жүректерінен елімізге деген сүйіспеншілік сезімдерінің тағы да бір оянуларына септігін тигізгендігіне қуаныштымыз.