А. Жұбанов атындағы мектептің үрлемелі және ұрмалы аспаптар бөлімі мен педагог-музыканттарының жетістігі ретінде, үздік нәтиже көрсетіп жүрген оқушылар мен түлектердің есімі республика көлемінде жақсы таныс екендігін айтуға болады. Әр буын өкілдері кәсіби шеберліктерін шыңдай отырып, жұмыс сапасын жоғары деңгейге көтеруге атсалысты. Шәкірттерінің орындаушылық техникасын арттырып, көркемдік талғамын қалыптастыруға ықпал етті. Өз аспабын жетік меңгерген бесаспап маман болып шығуы үшін жалықпай ізденіп, сүбелі үлес қосты.
Академиялық дәрежедегі музыкалық білім жүйесінде үрлемелі және ұрмалы аспаптарда ойнау мектебі маңызды рөл атқарады. Кез-келген мемлекеттің мәдени даму сатысында көркемдік талғамының көрсеткіші ретінде де өнер ұжымдары бағаланады. Әсіресе, алдыңғы қатарлы академиялық, үрлемелі аспаптар оркестрінің орны бөлек. Сондықтан А.Жұбанов мектебіндегі үрлемелі және ұрмалы аспаптар бөлімі алғашқылардың бірі болып ашылған.
Тұңғыш директор Т.М.Өзбеков басқарған ұжымның көздегені – республикадағы өнер ұжымдарына қажетті маман тәрбиелеп, жоғары санатты педагогтар мен жеке орындаушылар дайындау еді. Сол уақыттағы мұғалімдер Мәскеу мен КСРО құрамындағы одақтас республикалардың жоғарғы оқу орынын бітіріп келген тәжірибелі мамандар болатын. Бірқатары еліміздегі Мемлекеттік симфониялық оркестрде, Абай атындағы Опера және балет театрында, басқа да танымал ансамбльдер мен бірлестіктерде жұмыс істеп, ысылып қалған. Сондай-ақ Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының оқытушылары алма-кезек дәріс берді.
Бөлімнің негізін қалаушылары – Түркістан Мақсұтұлы Өзбеков (труба), И.С.Садулов (флейта), Т.Г.Тікішев (гобой), Г.Ф.Лебедев, Б.К.Аспандияров (кларнет), Н.Г.Баталов, У.Н.Нүсіпов (фагот), А.З.Димонт (валторна), И.А. Листов (тромбон), А.Б. Бектаев (ұрмалы аспаптар), А.П.Спирин, Ю.С.Клушкин (труба) сынды аға буын өкілдері.
Үрлемелі және ұрмалы аспаптарда ойнауды үйрету әдістемесі мен жұмыс жүргізу тәсілі Қазақстан музыкалық-педагогикалық білім-жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Үрлемелі және ұрмалы аспаптарда ойнау мәдениеті отандық музыкалықпедагогика ғылымында тамырын тереңге жая қоймағаны рас. Соған қарамастан, даму үдерісі бірден жолға түсіп, толағай табыстарға қол жеткізді. Орыстың озық ойлы ғұламаларының еңбектері мен орындаушылық мектебінен үлгі ала отырып, өз тұжырымдамасын жасады.
Мәскеу және Ленинград консерваториясы профессорларының методикалық нұсқауларын негізге алды. Н.И.Платонов (флейта), И.Ф. Пушечников (гобой), С.В.Розанов, Б.А.Диков, А.А.Федотов, Генслер (кларнет), Р.П.Терехин (фагот), А.И.Усов, М.Н.Буяновский (валторна), А.М.Седракян (тромбон), Т.А.Докшицер (труба) сынды аспап шеберлерінің «Үйрену мектебі», «Хрестоматия» және тағы басқа педагог-музыканттардың еңбектерін сүзіп шығып, қажетке жаратты. Олардың бай тәжірибесі мен техникалық дағдыларын үйрене отырып, елдік болмысымызға сай орындаушылық мәнер қалыптастырып, қазақы бояу қосты. Халықтық нышан мен ұлттық сипатымызға сәйкес ерекшеліктермен көркейтті.
1970–80 жылы оқушылар санының артуына байланысты, педагогтар қатарына қалыптасқан дәстүр бойынша республикаға белгілі музыканттар мен мемлекеттік симфониялық оркестрдің солистері көптеп шақырыла бастады. Мәселен, Г.И.Мұқанов, А.С.Григорьев, И.И.Моок, В.А.Книтель, Г.Ф. Лебедев Н.Г. Баталов А.П. Спирин А.С. Григорьев 29 Т.Г.Тимченко, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген артисі Т.К.Нұрәлиев, ҚазССРнің еңбек сіңірген артисі В.Г.Добровольский, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Р.Н.Сабиров, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Ю.П.Лукичев, М.К.Жәрдемәлиев, А.В.Цой, Д.Н.Ремизов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері К.М.Ахметов, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген артисі М.Ж.Өтеуов және басқалар мектеп мәртебесін көтеруге ұланғайыр еңбек сіңірді.
Әр жылдары үрлемелі оркестрге Д.Ф.Тихонов, Э.Феллер, С.А.Андасбай жетекшілік етті. Сондай-ақ Т.Ғ.Тікішевтің қолынан тікелей тәрбие алып, Гнесиндер атындағы музыкалық академияны бітірген соң, Абай атындағы Опера және балет театрының солисі ретінде өнер көрсеткен гобойшы М.Ерғалиева өз қолтаңбасын қалдырды. Өкінішке қарай, бергенінен берері көп шағында мезгілсіз өмірден өтті. Жоғарыдағы музыканттардың қайсысы болмасын мектептің ғана емес, республикадағы үрлемелі аспап орындаушыларының аяғынан нық тұруына сеп болды.
Ортамыздан бақилыққа ерте аттанған педагогтар мен қыршын кеткен түлектердің жарқын істері мен нұрлы жүздері ешқашан ұмытылмақ емес. Қырық жылдай табан аудармай тер төккен Г.И.Мұқанов, ұрмалы аспаптар бөлімінің негізін қалаған А.Б.Бектаев, түлектеріміз С.Г.Ирғалиев, Ж.О.Иманкарин, К.А. Жұмакенов, Е. Абдуловтар жүрегімізде мәңгі сақталады.
Көзі тірісінде бүкілодақтық, халықаралық байқаулардың жеңімпазы атанған талантты музыканттар жеткен жетістіктері мен жинаған тәжірибелерімен бөлісіп, шәкірттерінің деңгейін көтерді. Бар жиған-тергендерін өнерлі өрендердің бойына сіңіруге тырысты, мәңгі аманаттап артында қалдырды.
Үрлемелі аспаптар бөлімінің кейбір түлектері жоғары кәсіби мамандық алып, белгілі музыкантқа айналды. Өнер ұжымдарына жетекшілік етіп, басшылық қызметте де өздерін көрсетіп жүр. Қарағанды облыстық филармониясын әр жылдары басқарған, Астана қаласы мәдениет басқармасының бастығы Б.Байсағатов, Президент оркестрінің бас дирижеры Т.Ерғалиев, Қорғаныс министрлігі орталық ансамблі, эстрадалық-симфониялық оркестрінің бас дирижері Қ.Айтбаев, Қорғаныс министрлігі орталық ансамблінің жетекшісі Е.Жұмакенов, Қорғаныс министрлігі орталық әскери оркестрінің әскери дирижері Д.Бөлтіріков және басқалар. Бөлім оқушылары үрлемелі аспаптар саласы бойынша өтетін байқауларға жиі қатысады. Жас орындаушылардың республикалық конкурсы, А.Жұбанов атындағы орындаушылардың халықаралық байқауы, «АстанаМерей» республикалық байқауы, жас таланттарға арналған «Дельфий ойындары», «Шабыт» халықаралық конкурсфестивалінің жүлделі орындарын берген емес. Рязань, Тольятти, Новосібір, Орынбор және Петербор қаласындағы Мравинский атындағы және басқа да халықаралық шараларда бақ сынап қайтты. Бөлім ұстаздары жеткен жетістіктерімен тоқтап қалмай, үнемі ізденіпөсуге күш салады. Түрлі концерттерге қатысып, шығармашылық кештер ұйымдастырады. Бөлім ардагері, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген артисі, профессор Темір Ғабдуллинұлы Тікішевті ерекше атауға болады. Мектеп ашылған күннен жұмыс істейді. Халықаралық гобойшылар мен фаготистер қауымдастығының мүшесі. АҚШ, Англия, Австрия мемлекеттерінде жыл сайын гобойшылар қауымдастығы өткізетін жиынға Қазақстан атынан қатысушы тұрақты өкіл. Үрлемелі және ұрмалы аспаптар бөлімінде тәжірибе алмасу, шәкірт тәрбиелеу істері бүгінге дейін сақталған. Көптеген түлек жоғарғы оқу орнын бітірген соң, туған мектебіне ұстаздық етуге қайтып келеді. Шәкірттер дайындап, жетістікке жетелейді. Қазақ ұлттық өнер университеті үрлемелі және ұрмалы аспаптар кафедрасының доценті, Мәдениет қайраткері Е.К.Нұрғалиев талай жыл жас мамандарға жол көрсетті. Қазіргі уақытта бөлімдегі педагогикалық құрам түлектермен И.И. Моок Д.Н. Ремизов Д.Ф. Тихонов М. Ерғалиева 30 толық жасақталған. ҚР Мәдениет қайраткері, Білім беру ісінің құрметті қызметкері Т.Ж.Исенов, гобой сыныбының ұстазы К.Әуелбекова, флейта сыныбының ұстаздары Г.Бейсембаева, А.Оспанова, фагот сыныбының оқытушысы, ҚР Мәдениет қайраткері Н.А.Айғалқаев, валторна сыныбының ұстазы Б.Е.Кәрібаев, труба сыныбының ұстазы Е.И. Бейсембаев, тромбон сыныбының ұстазы, ҚР Мәдениет қайраткері М.К.Бисенғалиев, үрлемелі аспаптар оркестрінің дирижері, Мәскеу консерваториясы жанындағы әскеридирижерлық кафедра түлегі Е.Тәшімов, кларнет сыныбының ұстазы, саксофон сыныбының педагогтар Д.Б.Сембаев, А.Мусаипов және басқалар дәріс береді. Ұрмалы аспаптарда оқыту жұмысын ұзақ жылдан бері Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» мемлекеттік академиялық фольклорлы-этнографиялық халық аспаптары оркестрінің бұрынғы артисі К.Т.Бектаев табандылықпен алға сүйреп келеді. 2012 жылы бөлімде талантты музыкант, өз ісінің шебері, композитор өңдеуші Нұрлан Байкөзовтің жетекшілігімен құрылған бигбэнд ұжымы 2014 жылы эстрада-симфониялық оркестрі болып қайта жасақталды. Жаңа ұжымның репертуарында еліміз бен шет ел эстрадасында танымал джаз үлгісіндегі шығармалар бар. Қазіргі таңда бигбэнд оркестрінің дирижеры мектебіміздің түлегі Нұрболсын Төлеухан.
А.Жұбанов атындағы халықаралық жас орындаушылар байқауының танымдылығы артты. Жыл сайын қатысушылардың географиясы кеңейіп, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Балтық жағалауы елдерінен үміткерлер келе бастады. Үрлемелі және ұрмалы аспаптар бөлімі Гранпри, І, ІІ, ІІІ орын алып, дипломант атанған өз түлектерін мақтаныш етеді. Олардың басым бөлігі түрлі байқаулардың бірнеше дүркін лауреаты, жеңімпаз-дипломанттары. А.Жұбанов атындағы халықаралық жас орындаушылар байқауының қазылар алқасының құрамына халықарылық деңгейдегі танымал музыканттарды шақыру дәстүрге айналған. Бір сөзбен айтқанда, үрлемелі аспаптар бөліміндегі педагогтардың кәсіби құрамы – жарқын болашақ кепілі. Бұл кадрлық мәселелерді шешудегі бірегей орын. Қазақстан музыка өнеріндегі жаңа толқын педагог мамандарды тәрбиелейтін қасиетті құтхана.