Атақты скрипкашы Марат Бисенғалиевпен кездесу өтті

Мектебіміздің 60 жылдық мерейтойына 60 іс-шара аясында білім ордамызда атақты срипкашы, дирижер, профессор Марат Бисенғалив шеберлік сағат – концертін өткізді.
Әлемдік сахналарды бағындырған виртуоз скрипка аспабында ойнаудағы түрлі әдістерді көрсете отырып, тәжірибе алмасты.
Музыкаға ұмтылған мектеп оқушылары да дирижер алдында өнер көрсетіп, келелі кеңестерімен сусындай білді.
Осындай өнер әлемінде өзіндік орны бар тұлғалармен кездесу – балалардың болашағының жарқын болуына жетелеп һәм жігер бермек!