Мектебімізде “Жұбан жастары” парламент президентін және министрлерін ұлықтау рәсімі өтті.

«Жас Толқын» патриоттық ұйымы, қазіргі «Жұбан жастары» парламенті болып қайта құрылды.

Президенттікке үміткер, 3 оқушы сайлау алды үгіт насихаттарын жүргізді. Ұйым мүшелері мектеп оқушыларымен ашық кездесіп, өз бағдарламаларымен бөлісті.

Ал 17 қыркүйек күні мектебімізде өткен жалпы Президент сайлауында 238 сайлаушы өз дауыстарын беріп, сайлау мәресіне жетті.

Бүкіл мектептік сайлау нәтижесінде мектеп президенті лауазымына, атап айтсақ 48 пайыз дауыс жинаған 12 «А» сынып оқушысы Қайрат Нұраят сайланды.

Сайлау қорытындысы бойынша жоғары дауыс жинаған 2 үміткер өзін-өзі басқару ұйымының құрамына енді.

Құттықтаймыз!!!