ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
КСРО халық әртісі Рүстембек Омаров атындағы Павлодар қаласында өткен 16-35 жас аралығындағы І-ші республикалық «Жастық шақ» атты домбырашылар байқауында мектебіміздің 11 сынып оқушысы Нұрали Саятұлы Дипломант атанды!
Бұл байқау – қазақтың асыл мұрасы, домбыра өнерін дәріптеп, жас таланттарды танытуға бағытталған ерекше алаң. Нұралидің өнері жоғары бағаланып, әділқазылар алқасының тарапынан лайықты құрметке ие болды. Оның жеңісі көп жылдық еңбектің, қажырлы жаттығулардың және домбыраға деген шексіз сүйіспеншіліктің нәтижесі.
Бұл жетістік мектебіміз үшін үлкен мақтаныш, әрі
домбыра өнерін дамыту жолындағы тағы бір маңызды қадам.
Нұрали Саятұлына шығармашылық табыс, жаңа жеңістер және өнерде биік шыңдарды бағындыруды тілейміз!