Тағы бір марапат!
Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай ЮНЕСКО қамқорлығындағы Мәдениеттерді жақындастыру орталығында салтанатты марапаттау өтті.
Халық жазушысы Олжас Сүлейменовтің «Халық достастығы» орденімен Халықаралық мәдени қатынастарды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін камералық ансамбль сыныбының ұстазы Ерназар Гимарат пен “Giovani talenti” камералық оркестрінің дирижері Аршат Шәріп марапатталды.
Бұл марапат оларды өткенде алған марапаттардан кейін, тағы да жоғары бағалауға негіз болды.
Жоғары марапатты Мәдениеттерді жақындастыру орталығы директорының орынбасары Салтанат Әшімова табыс етті.
Іс-шараға қоғам қайраткерлері, сондай-ақ орталық өкілдері қатысты.
Марапат иелерін құттықтаймыз және халықаралық мәдени қатынастарда жетістіктер мен жаңа биіктер тілейміз!