Ардагерлеріміз Рустембеков Ғани Асетұлы, Халмагамбетов Бахтығани Уразбаевич, Бейситбаев Ауез Тулмаханұлы, курсант Есиркеп Нұрқанат Байрамбайұлы, Бексұлтан Бекжан Талғатұлы, Сәрімбай Еркебұлан Орынбасарұлы, аға лейтенант Авдунов Артем Авдуллинович, капитан Комеков Асан Жүсіпұлы жас ұрпаққа өздерінің басынан өткен кезеңдері мен ерліктері туралы әңгімелеп берді. Бұл кездесу оқушыларға батырларымыздың ерліктерін үлгі ете отырып, Отанға деген сүйіспеншілікті оятуға зор әсер етті.
Шараның соңы 11-сынып оқушылары арасында алғашқы әскери дайындық пәнінен жарысқа ұласты. Жарыстың мақсаты – әскери білімді жетілдіру, патриоттық сезімді арттыру және шыдамдылық пен тәртіпті қалыптастыру болды.
Қатысушылар түрлі әскери жаттығулар мен тапсырмаларды орындап, өздерінің қабілеттерін көрсетті.
Бұл іс-шара жастарға Отанды қорғаудың маңыздылығын түсіндіріп, дене дайындығын арттыруға көмектесті.

