Мектеп мұғалімі «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына ие болды!

“Ұстаз еңбегіне — жоғары баға!”

Мәдениет қызметкерлері күніне орай мектебіміздің «Арнайы фортепиано» бөлімінің оқытушысы Қазыбекова Гүлжан Қайпбекқызы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына ие болды!

Ұстазымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл — ұзақ жылғы еңбектің, кәсіби шеберлік пен ел мәдениетіне қосқан зор үлестің жемісі!