

26 қыркүйек күні мектебімізде 7–12 сынып оқушыларына арналған «Цифрлық қауіпсіздікті алдын алу» тақырыбында жиналыс өтті.
Іс-шараны директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары м.а. Жакишева Г.А., мектеп инспекторы – полиция капитаны Бейбулатов М.С., мектеп заңгері Амандосов Б. және мектеп психологы Ақсакалова М. бірлесіп ұйымдастырды.
Жиналыстың мақсаты – балалардың қауіпсіздігі мен психологиялық денсаулығын қорғау, алдын алу шаралары туралы ақпарат беру, түсіндірмелер жасау және кез келген жағдайға байланысты қажетті нұсқаулармен таныстыру болды.
Кездесу барысында оқушылар арасында суицид мәселесі мен қауіпті ойындардың зияны талқыланып, сауалнама жүргізілді.