
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында қыркүйек айы – еңбексүйгіштік пен кәсіпқойлық айы деп жарияланды.
Еңбек күніне орай 60 жылдық тарихы бар мектебімізде бастауыш сынып мұғалімі Рысқұлова Арзан Айтбаевнаның ұйымдастыруымен 4 “А” сынып оқушылары мектебіміздің түлегі,
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері»,
«Мәдениет қайраткері»,
«Білім беру ісінің құрметті қызметкері»,
«Мәдениет саласының үздігі»,
«Еңбек ардагері»
марапаттарының иегері, ұлағатты ұстаз Тасмұқан Исеновпен кездесу өткізді.
48 жылдан астам еңбек өтілі бар тәжірибелі ұстаз оқушылармен өзінің мектепке алғаш келген күнінен бастап еңбек жолындағы қызықты сәттерімен бөлісті.
Кездесу барысында оқушылар еңбек арқылы барлық жетістікке қол жеткізуге болатынын, адал еңбек етудің маңыздылығын, еңбек адамын құрметтей білудің қажеттігін терең түсінді.