Ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт өтті!

Қазан айының алғашқы аптасында мектебімізде Ұстаздар күніне орай концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Оқушылар сүйікті ұстаздарына арнап ән шырқап, би билеп, жүрекжарды тілектерін жеткізді. Шара көтеріңкі көңіл күй мен алғысқа толы ерекше атмосферада өтті.

Ұстаздар – ұлттың ұлы тұлғаларын тәрбиелейтін жандар. Осы жарқын мереке арқылы біз ұстаздарымызға деген құрметіміз бен ризашылығымызды білдірдік.

Мерекелеріңізбен, ардақты ұстаздар!