

13 желтоқсан күні мектебімізде ерекше тағылымды кездесу өтті.
Жұбан Жастары Парламентінің «Дебат» фракциясының президенті Нұрғали Шұғыла мен Атығаева Камиляның бастамасымен «Тәуелсіздік тұтқасы – Желтоқсан» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды
Іс-шараға 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің ардагерлері мен жоғары сынып оқушылары қатысты. Кештің мақсаты – ел тарихындағы елеулі оқиғалардың бірі – Желтоқсан оқиғасын еске алу және өскелең ұрпаққа отансүйгіштік рухын дарыту.
🎤 Құрметті қонақтар қатарында:
• Нұрғазиева Жадра Сайлаухановна
• Төксейітова Сафура Паритқызы
• Мамырбаев Санатбек Төлеумұхаметович
• Жакишева Гүлбараш Әбжапбаровна
• Ұлбала Тілеуқызы
• Байназаров Бақыт
• Абдрахимова Гүлмира Әбдіманапқызы
• Оразбақов Өмірхан Бимаханұлы
Ардагерлер Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы жайлы естеліктерімен бөлісіп, жас ұрпаққа өз елінің өткенін біліп, қадірлей білуге үндеді.
Бұл кездесуде тек тарих айтылып қойған жоқ – ұрпақтар сабақтастығы мен патриоттық тәрбие өз жалғасын тапты.
🔰 Жұбан Жастары Парламенті алғаш рет ардагерлермен кездесу ұйымдастыра отырып, жастардың ел тарихына деген құрметін арттыруға зор үлес қосты.