


Наурыз – жыл басы, көктемнің шуақты мерекесі!
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі табиғаттың жаңаруы ғана емес, қазақ халқының бай дәстүрі мен мәдениетінің айқын көрінісі.
📅 Мектебімізде Наурызнама онкүндігі өз шымылдығын ашты!
🔹 Іс-шаралар жоспары құрылып, Наурыз мейрамына арналған мерекелік бағдарламалар өз бастауын алды.
🔸 Сонымен қатар, #ДәстүрліЖұма жобасы жалғасуда. Бұл жоба аясында ұлттық нақыштағы киім киіп, қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін дәріптеу арқылы бірлігімізді нығайтып келеміз.
🎉 Әр апта сайын оқушылар ұлттық құндылықтарымызды құрметтеп, Наурыздың мәні мен маңызын тереңірек түсініп келеді.
🕊️ Онкүндік мерекелік іс-шаралар қызықты форматта жалғасын табады. Оқушылар мен ұстаздар қауымын алда әлі талай ұлттық салт-дәстүрлер мен рухани байлыққа толы шаралар күтіп тұр!